ПОДЕЛИТЬСЯ
08 маусым 2023 | 11:56
Бейбітшілікті таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ету керек - Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында жаһандық жүйе бейбітшілік пен өркендеуді таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана халықаралық форумы – бұл диалог алаңы. Оның негізгі миссиясы мынадай:
- Бірінші, әлемдегі жағдайды ашық талқылау;
- Екінші, алдымызда тұрған негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау;
- Үшінші, осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру;
- Төртінші, көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру;
- Бесінші, бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту.
"Бұл форум өзара белсенді ынтымақтастыққа тікелей ықпал етеді. Әсіресе бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс кезеңінде бізге мұндай қарым-қатынастар өте қажет. Сын-қатерлерге төтеп беру маңызды. Осы ретте жаһандық жүйе бейбітшілік пен өркендеуді таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге тиіс", - деді Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также