30 қаңтар 2022 | 15:07

Бейжің-2022: қазақстандықтар Олимпиада жарыстарын 3 ақпанда бастайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Олимпиада орындарының ресми ашылу рәсімі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада орындарының ресми ашылу рәсімі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық фристайлшылар алғашқы іріктеу сындарын 3 ақпанда бастайды. Фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.

Реклама
Реклама

Ойындарды "Qazaqstan", "Qazsport", "Хабар" және "El arna" телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная