24 наурыз 2022 13:10

БҒМ Алматы әкімдігіне білім беру саласы бойынша қосымша өкілеттік береді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Білім және ғылым министрлігінде Алматы әкімдігіне білім беру саласына байланысты қосымша өкілеттік беру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігінде Алматы әкімдігіне білім беру саласына байланысты қосымша өкілеттік беру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы қаласында қосымша білім беруді дамыту бойынша жақсы ұйымдастырылған жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді:

1. Қазіргі мектеп оқушылар сарайын толық жаңғыртумен қатар, екі заманауи инновациялық орталық пайдалануға беріледі.
2. Келер жылы ескі ғимараттарды бұзып, үш мектеп үйін салу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде жоба жұмыстары жүргізіліп жатыр.
3. Мектептегі спорт алаңдарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.
4. Жас туристер мен натуралистердің станциялары жаңартылады.
5. Мемлекеттік білім беру, шығармашылық және спорттық тапсырыс көлемі ұлғайтылады", - деді министр.

Министр Алматы қаласының әкімдігі қазір басқа өңірлермен салыстырғанда білім беру жүйесін дамыту бойынша барынша тұтас, дәйекті саясат жүргізіп отырғанын мойындау керек екенін айтты. 

Реклама
Реклама

"Өзіміздің нормативтік актілерімізде ерекше жағдайлар мен құзыреттіліктерді қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, қалалық білім беру ұйымдары басты инновациялық алаңдарымыз болады. Әкімдік басшылығы өз тарапынан барлық жаңа бастаманы қаржылай және ұйымдастырушылық жағынан қолдауды міндеттеп отыр. Әрине, министрлік барлық жарияланған бастаманың орындалуын бақылауда ұстайды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram