БҒМ "Білім-инновация лицейлері" туралы мәлімдеме жасады

?Р Білім ж?не ?ылым министрлігі "Білім-инновация лицейлеріні?" толы?тай ?аза?станды? білім беру мекемелері екендігі туралы, сондай-а? оларды? ?з ?ызметін ?алыптас?ан жа?дайда жал?астыратыны туралы ресми м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р Б?М баспас?з ?ызметіні? ?кілдеріне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігі "Білім-инновация лицейлерінің" толықтай қазақстандық білім беру мекемелері екендігі туралы, сондай-ақ олардың өз қызметін қалыптасқан жағдайда жалғастыратыны туралы ресми мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"Түрік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныктың 2 наурыз күні қазақ-түрік лицейлерінің (ҚТЛ) Түркияның білім министрлігі басқаруына өтетіндігі туралы айтқан болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай шараның болу ықтималдығының өзін ресми түрде жоққа шығаратыны туралы мәлімдейді. ҚТЛ "Білім-инновация лицейлері" болып қайта құрылып, қазақстандық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, алдағы уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша бірігіп мәлімдеме жасайтыны айтылады. Ал оған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды Түркия елшісінің жасаған мәлімдемесі бойынша алаңдамауларын сұрайды. "Білім-инновация лицейлері" жұмысының әдеттегі тәртібі өзгеріссіз қалады.

Реклама
Реклама

"Білім-инновация лицейлері" - жұртшылық арасында жоғары бедел мен құрметке ие болып отырған білім беру мекемесі. Қазақ-түрік лицейлерінің бәрі 2016 жылы "Білім-инновация лицейлері" болып қайта құрылған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама