02 тамыз 2021 10:57

БҒМ қашықтан оқыту форматы туралы қауесетті жоққа шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылы қашықтан оқу форматында болатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылы қашықтан оқу форматында болатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, "білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан басталатынын айтты" деген ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған.

"Бұл ақпарат жалған. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитария дәрігері және өңірлердің бас санитария дәрігерлері қабылдайды", - деді БҒМ өкілдері.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындыққа қатысты ұсыныстар әзірлеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram