ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қазан 2021 | 16:43
БҒМ мұғалімдерді сенбілікке тартқандарды қатаң жазалауға уәде берді
Мұғалімдерді міндетінен тыс жұмысқа тартқандар қатаң жазаға тартылады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мұғалімдерді міндетінен тыс жұмысқа тартқандар қатаң жазаға тартылады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мұғалімнің мәртебесі туралы" заң бар, ол мұғалімдер құқығын қорғайды. Мұғалім шықпауға құқылы (сенбіліктерге. - ескерту). Егер міндетіне жат функция екенін түсінсе, онда барлық мұғалім бас тарта алады. Білім және ғылым министрлігі ұстанымында нақты айтылды: біз мұғалімдерді басқа функцияларға тартуға қарсымыз.
Олар қатаң жазаға тартылады, мұғалімдерді қызметіне тән емес жұмысқа тартатындардың бәріне заң аясында шаралар қолданылады. Мұғалімнің бірінші қызметі - балаларға барлық пән бойынша білім беру. Оқыту, тәрбиелеу - мұғалімнің негізгі қызметі. Ешкім мұғалімдерді басқа іс-шараларға алаңдатпауы керек", - деді Каринова ОКҚ брифингінде.
Сонымен қатар, ол журналистер мен жұртшылыққа осы мәселені көтеріп, мұғалімдер құқығын қорғағаны үшін алғысын білдірді.
Оқу жылы басталғалы Қазақстан өңірлерінде мұғалімдер мен оқушыларды көше тазартуға жинап жатыр деген шағымдар болды. 16 қазанда Семей қаласының тұрғыны кезекті сенбілік кезінде мектеп мұғалімдері сабақ өткізудің орнына қала көшелерін қалай тазартып жүргендерін суретке түсіріп алған. Ол сабақтар осы себептен тоқтатылғанын айтып шағымданды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также