БҒМ өкілдері балалардың смарт-сағат қолдануына қатысты пікір білдірді

© pixabay.com

Білім ж?не ?ылым министрлігіні? ?кілдері балалар?а ?андай жа?дайларда мектепте смарт-са?ат та?у?а тыйым салынатыны жайлы с?ра??а жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балаларға қандай жағдайларда мектепте смарт-сағат тағуға тыйым салынатыны жайлы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомстводағылардың мәліметінше, әрбір мектеп пен мектепке дейінгі мекемелердің өкілдері гаджеттерді қолдануға тыйым сала ма, жоқ па - өздері шешеді.

"Білім беру" туралы заңның 43-бабына ("Білім беру ұйымдарының құзыреті") сәйкес, білім беру ұйымы оқу-тәрбие процесін қалай жүзеге асыру керектігін өз бетінше шешеді. Ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту де мекеменің құзыретінде", - делінген БҒМ өкілдерінің редакция жолдаған сауалға берген жауабында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, министрлік өкілдері оқушылардың смартфон немесе смарт-сағаттар қолдануы жайлы мәселенің білім беру мекемесінің ішкі тәртібі бойынша реттелетінін айтып өтті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама