ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қараша 2021 | 12:50
БҒМ ұлыбританиялық мұғалім НЗМ-нен жұмыстан босатылғанын растады
Білім министрлігі Ұлыбритания азаматы Дэвид Ли Эшфордтың Назарбаев Зияткерлік мектебінен жұмыстан шыққанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Білім министрлігі Ұлыбритания азаматы Дэвид Ли Эшфордтың Назарбаев Зияткерлік мектебінен жұмыстан шыққанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Білім министрлігінің мәліметінше, бүгінде Ұлыбритания азаматы Дэвид Ли Эшфорд Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкері емес.
Министрлік НЗМ-де өз елінде бұрын сотталған мұғалімді жұмысқа алудың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеуді жалғастырып жатқанын хабарлады. Назарбаев зияткерлік мектебі оқытушылар құрамының да құжаттары тексерілу үстінде.
"Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мектеп басшылығы мен қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қызметтік тексеру қорытындысы бойынша шешілетін болады", - деді Білім бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова.
Еске салайық, бұған дейін белсенділер Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде информатика пәнінің мұғалімі отбасындағы зорлық-зомбылық үшін өз елі Ұлыбританияда сотталғанын хабарлаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также