11 желтоқсан 2023 17:37

"Би үйірмесіне кеткен". Балқашта жоғалған қыз өлі табылды

Фото: instagram.com/news_agency_balkhash

Балқашта 130-дан аса полиция қызметкері мен ерікті жұмылдырылған жоғалған қызды іздеу жұмыстары аяқталды. Қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта 130-дан аса полиция қызметкері мен ерікті жұмылдырылған жоғалған қызды іздеу жұмыстары аяқталды. Қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға кеше кешкілік уақытта жергілікті тұрғыннан 15 жастағы қызының жоғалғаны туралы хабарлама түсті.

Реклама
Реклама

"Азамат арызында күндізгі сағат 16:00 шамасында қызы би үйірмесіне шығып, одан оралмағанын айтты. Іздеу жұмыстарына қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері дабыл жүйесі бойынша көтеріліп, іздеу басталды. Баланың болуы мүмкін деген такси және көлік тұрақтары тексеріліп, қала жолдарындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу, барлық аулаларға қарау жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстарына еріктілер, қала тұрғындары ат салысты. Іздеу жұмыстары 11 желтоқсанда таңертеңгілік Балқаш көлінің маңына алып келді.

"Көл жағасынан жоғалған қыздың киімдері табылды. Осы уақыттан бастап көлдің аумағын қарау жұмысы жүргізілді. Сағат 13:36 шамасында көлден 40-50 метр қашықтықта, 2,5-3 метр тереңдікте қыздың мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған".

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram