11 наурыз 2022 | 10:01

Бибігүл Асылова білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: primeminister.kz

Бибігүл Асылова білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бибігүл Асылова білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"​​Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Бибігүл Амангелдіқызы Асылова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады.

Реклама
Реклама

1994-1998 жылдары - Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеген.

1998-2016 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеген.

2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная