18 мамыр 2021 17:08

Бибігүл Төлегенова СOVID-19-ға қарсы вакцина салдырды

Қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова вакцина салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова вакцина салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап. 

Бибігүл Төлегенова "Спутник-V" вакцинасының екі компонентін де алған. Бұл туралы журналист Тұрсын Қалимова facebook-тегі парақшасында жазды.

Танымал опера әншісі қазір 91 жаста екенін айта кеткен жөн.

Реклама
Реклама

"Бибігүл апайдың амандығын білейін деп хабарластым. Апамыз "Спутник-V" вакцинасының екі компонентін алыпты.

"О, апай, жақсы болды. Алматыға енді барғанда жүздесетін болдық" деп едім, "Алдымен вакцина салдыртшы, қызым, дейді", - деп жазады Тұрсын Қалимова.

Журналист әншінің "Халық аман болсын! Өздерін сақтасын!" деген сәлемін жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram