Билік басындағы бірқатар лауазымды тұлғаның өкілеттіктері тоқтатылды

Билік басындағы бірқатар лауазымды тұлғаның өкілеттіктері тоқтатылды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рашид Түсіпбековті Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты етіп тағайындады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Нөгербекұлы Нөгербековтің және Ерлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өкілеттіктері тоқтатылды. Жарлықтардың мәтінін "Ақорда" сайты сәрсенбі күні жариялайды. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Нөгербекұлы Нөгербековтің және Ерлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өкілеттіктері тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Рашид Түсіпбеков. © tengrinews.kz

Серік Нөгербеков. © portal.kazntu.kz

 Ерлан Нығматулин. © np.kz

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама