Бір ай бұрын Семейде жоғалып кеткен 19 жастағы қыз Алматыдан табылды

Бір ай б?рын Семейде жо?алып кеткен 19 жаста?ы Жансая Сафаева Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л м?ліметті еріктілер растады.

Бір ай бұрын Семейде жоғалып кеткен 19 жастағы Жансая Сафаева Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті еріктілер растады.

"Кеше сағат 16.50-де бізге Алматыдан хабарласты. Бір әйел жоғалып кеткен қыздың оның кафесінде жұмыс істейтінін айтты. Содан біз алматылық еріктілерге хабарласып, бар мәліметті тексеруін айттық. Еріктілер сол жаққа барды, бірақ қыз жұмыс орнында болмапты. Жалдамалы пәтерінде болған. Еріктілер қыздың пәтеріне барып, оны тапты. Алматыда қыздың туыстары бар екен, әзірше ол туыстарының үйінде", _ деп хабарлады "RINA. KZ-Семей" еріктілер қозғалысының жетекшісі Евгения Павел.

Қыздың мұндай әрекетке баруының себебі белгісіз.

Реклама
Реклама

"Меніңше, ол үйіне барған соң өзі сөйлеседі. Бұл телефонмен айтатын әңгіме емес. Бастысы аман-есен табылды", - деді Евгения Павел.

Еске сала кетейік, 19 жастағы Жансая Сафаева 14 шілдеде жоғалып кеткен болатын. 2017 жылдың 14 шілдесінде шамамен күндізгі сағат 4-терде үйден шығып кетіп сол күйі оралмаған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама