Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды © pxhere.com

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

25 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 9-14 метр. 

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету және ТЖ алдын алу үшін шаралар қабылдауды ұсынады.

Жарнама
Жарнама

25 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі.       

25 шілдеде Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.  Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде секундына 18 метр күтіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама