03 сәуір 2024 | 13:15

Бишімбаев: "Ашудан оны төрт рет тептім"

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Бүгін сотта Қуандық Бишімбаев марқұм әйелін қалай ұрғаны жайлы айтып берді. Оның айтуынша, ол Салтанат Нүкенованы 3-4 рет тепкен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін сотта Қуандық Бишімбаев марқұм әйелін қалай ұрғаны жайлы айтып берді. Оның айтуынша, ол Салтанат Нүкенованы 3-4 рет тепкен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айыпталушы жауап беру кезінде Bau мейрамханасында болған жанжал туралы айтып берді.

"Мен бұрылып, жанына келдім. Оның шашынан ұстап, бетінен төрт рет қатты ұрдым. Ол құлап түсті. Тағы да әдейі істеп жатыр ма, әлде жағдайы нашар ма түсіне алмадым. Оның қандай күйде екенін түсіне алмадым. Ол құлаған кезде мен оның жамбасы мен санынан үш-төрт рет тептім. Мен өмірлік маңызды мүшелеріне тимегенімді және тимеу керек екенімді түсіндім. Ашудан оны төрт рет тептім: "Тұр, не істеп жатырсың!" дедім. Ол тұрмады, сондықтан мен оны шашынан көтере бастадым. Сол жерде дәретхана бар еді, ол да жуынсын, мен де жуынайын деп сүйреп апардым. Тоқтау үшін. Сол жерден оның шашынан ұстап, бірінші VIP-бөлмеге апардым", - деді Бишімбаев.

Реклама
Реклама

Салтанат Нүкенова қалай қайтыс болған: Бишімбаев өз нұсқасын айтты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная