Бишімбаев жазасын қайда өтеп жатыр? ҚАЖК жауабы

viewings icon
777
comments icon
0
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов. Бишімбаев жазасын өтеп жатқан Ақмола облысы бойынша ҚАЖД № 5 мекемесінің архив суреті Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов. Бишімбаев жазасын өтеп жатқан Ақмола облысы бойынша ҚАЖД № 5 мекемесінің архив суреті

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қай жерде өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қай жерде өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түзеу инспекциясы өкілдері адвокат Жанна Оразбақованың Қуандық Бишімбаевтың жазасын өтеп жатқан жеріне қатысты сауалына жауап берді. Заңгер департаменттің жауабын Instagram-әлеуметтік желісінде жариялады.

"Қазір сотталған Қ. Бишімбаев Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр (мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногор қаласы, 7-өндірістік аймақ, 14 А корпусы)", - делінген жауапта.

Реклама
Реклама

Карта 2Gis

Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан №5 мекеме

Айта кетейік, бұл колония Астанадан үш сағаттық жерде орналасқан.

Еске салайық, бұған дейін желіде Бишімбаевтың қазақстандық колониялардан табылмағаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бірқатар журналист ол жазасын Степногорск немесе Аршалыда өтеп жатқан болуы мүмкін деп болжаған. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары бұл деректерді растай алмады. Кейінірек Telegram-арналары оның түзеу мекемесінен қашып кеткенін жаза бастады.

ҚАЖК бұл ақпаратты "шындыққа жанаспайды" деп жоққа шығарды. Кейін олар Бишімбаев отырған колонияны атаудан бас тартқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная