ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қараша 2024 | 12:40
Бишімбаев қазір қайда? Адвокат жауабы
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов БАҚ-та пайда болған ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов БАҚ-та пайда болған ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ғазымжановтың айтуынша, Бишімбаев Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеде.
"Ол бәрімен тең жағдайда отыр. Қалыпты жағдайда, ешқандай артықшылық жоқ", - деді Ғазымжанов Tengrinews.kz тілшісіне.
Адвокаттың айтуынша, бүгінде Бишімбаевқа түзеу мекемесіне баратын жалғыз адам - өзі.
"Мұндай қауесеттер БАҚ-та фильм жарияланғаннан кейін тарады. Адамдар Бишімбаев түрмеде еместей, жазасын өтеп жатпағандай түсінсін деп, сөздерді құбылтқан. Менің ойымша, олар мұны әдейі жасады. Оның үстіне мекемеге, оған баратын жалғыз мен болсам да, мені сұхбатқа шақырған жоқ", - деп қосты қорғаушы.
Еске сала кетейік, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также