ПОДЕЛИТЬСЯ
29 сәуір 2024 | 10:25
Бишімбаев пен Байжанов сот отырысына жеткізілген жоқ
Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Себебі айыпталушылар сот залына әлі жеткізілмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Себебі айыпталушылар сот залына әлі жеткізілмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Бишімбаев ісі бойынша сотта тараптардың жарыссөздері басталуы тиіс еді. Тараптар айыпталушылар келмесе сот отырысын жалғастыра алмайтынын жеткізді.
Судья Айжан Құлбаева қатысушылардан сотталушыларсыз процесті қаншалық жалғастыра алатынын сұрады. Айыптау, қорғау және жәбірленуші тарап: "Жоқ, біз сотталушыларсыз бастай алмаймыз", - деп жауап берді.
"Басты сот отырысы айыпталушылардың қатысуымен өтуі керек. Күзет қызметінде проблемалар пайда болғандықтан айыпталушылар сағат 11.00-ден кейін жеткізіледі. Басты сот отырысы 14.30-ға дейін кейінге шегеріледі", - дейді судья Айжан Құлбаева.
Сот отырысының жалғасы бүгін сағат 14.30-да басталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также