07 тамыз 2024 | 14:47

Бишімбаев ісі бойынша "100 миллион теңге пара": тергеу аяқталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

100 миллион теңгеге Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге көмектесемін деген астаналыққа қатысты істі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

100 миллион теңгеге Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге көмектесемін деген астаналыққа қатысты істі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлім етті.

"Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Яғни, Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 миллион теңгені иемдену. Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу ретінде сараланады", - деді Бигайдаров Антикордағы брифингте.

Реклама
Реклама

Биыл 21 маусымда Антикор экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге уәде берген күдікті ұсталғанын хабарлаған еді.

Еске салайық, соттың үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған. Оған әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная