14 маусым 2024 | 12:11

Бишімбаев ісі: судьяға қатысты қауіпсіздік шарасы әлі де күшінде

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Құлбаева өзіне қарсы қорқытулардан кейін қорғауға алынған. Қауіпсіздік шарасы әлі де күшінде. Бұл туралы Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рехметуллина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Құлбаева өзіне қарсы қорқытулардан кейін қорғауға алынған. Қауіпсіздік шарасы әлі де күшінде. Бұл туралы Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рехметуллина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Рахметуллинадан "судья Айжан Құлбаева әлі қорғауда ма" деп сұрады.

"Ұмытпасам, сол кезде қауіпсіздік шарасы әлі күшінде екені жарияланған болатын", - деді сот алқасының төрағасы.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытқаны және ол қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілгені хабарланған болатын.

"Астана Полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі ("Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу") бойынша соталды Іс жүргізу басталғаны айтылды. Судья, жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная