Бишімбаев тағы өз кінәсін мойындамады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіріп, қинады деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы да кінәсін мойындамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіріп, қинады деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы да кінәсін мойындамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтті.

"Құрметті сот, мен ешқайда, соталды тергеп-тексеру кезінде де, еш жерде өз оқиғамды айтуға мүмкіндігім болмады. Прокурорлардың қазір оқығандарының көбісі жалған, ол расталмаған және дәлел жоқ. Сондықтан 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған жоқ, мен оны мойындамаймын. Мен толық көлемде емес, адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру бойынша айтып отырмын. Түсіндіруге мүмкіндігім болады деп үміттенемін", - деді Бишімбаев судьяның сұрақтарына жауап беріп.

Реклама
Реклама

Бишімбаевтың ісі бойынша судья - Айжан Құлбаева. Ол бұған дейін Астанада басқа да бірқатар атышулы істерді қараған. Олардың қатарында Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевқа, журналист Махамбет Әбжанға қатысты істер және "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының сотталған бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің ісі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама