14 қараша 2023 | 17:27

Бишімбаев тиран екенін айтып, бірнеше рет одан кетпек болды - Самал Нүкенова

Дина Шарипханова Корреспондент
Коллаж: Tengrinews.kz

Tengrinews.kz тілшісі Салтанаттың туысқаны Самал Нүкеновамен сөйлесті. Олардың әкелері ағайынды. Самал сіңілісінің денесінен көгерген жерлерін бұрын да байқағанын және оған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевпен қарым-қатынасын үзуге кеңес бергенін айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz тілшісі Салтанаттың туысқаны Самал Нүкеновамен сөйлесті. Олардың әкелері ағайынды. Самал сіңілісінің денесінен көгерген жерлерін бұрын да байқағанын және оған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевпен қарым-қатынасын үзуге кеңес бергенін айтты.

"Бір нәрсені айта аламын: ол (Бишімбаев – еск.) құбыжық, жауыз. Адамдар бұндай қатыгез болады деп тіпті ойламаппын. Салтанаттың денесін алған кезде оны көргендердің бәрі шошып кетті. Олардың түрін көрсеңіздер ғой", – дейді Нүкенова.

Реклама
Реклама

Самалдың айтуынша, ол былтыр сіңілісінің ұзатуына қатысқан, желтоқсанда Астанада той өткен. Бұл ретте олардың қарым-қатынасын керемет деп атауға болмайды, Самалдың айтуынша, Қуандық үнемі қол көтеріп жүрген.

"Ол бірнеше рет құрбыларына оның тарапынан ұрып-соғу болғанына шағымданған. Біз денесі көгеріп жүргенін өзіміз көрдік. Қыркүйектің аяғында отбасылық іс-шара өткіздік. Салтанат күртеше киіп келді, оның ішінде қысқа жеңді жейде болды. Ол күртешесін шешкенде, оның қолында көгерген жерлерді көрдік. Не болды деп сұрағанымызда тез күртешесін қайта киіп, ол массаждан екенін айтты... Жалпы, ол (Бишімбаев – еск.) тиран екенін айтып, бірнеше рет одан кетпек болды. Салтанат күйеуі оны ешқайда жібермейтінін, үнемі бақылап жүргенін айтатын, тіпті кофе ішу үшін бізбен себепсіз кездесе алмайтын. Біз оның кетуін қолдайтынбыз, бірақ ол қайтару үшін бәрін жасайды", - деді марқұмның туысы.

Самалдың айтуынша, Салтанат пен күйеуі қайғылы оқиға болған мейрамханада бірнеше рет болған. Қыз бұл мекеменің кімге тиесілі екенін анық білмейтінін, бірақ "Бишімбаев онда өзін қожайындай сезінетінін" айтады.

"Ол үнемі барып тұратын. Салтанат екеуі осы мейрамханада бірге отырған", - деді Самал.

Сондай-ақ, Нүкенованың айтуынша, Бишімбаевтың туыстары жерлеу рәсіміне қатысқан, бірақ кешірім сұрамаған. Алайда олардың отбасы Қуандықты кешіруге ниетті емес.

"Иә, олар жерлеуге келді. Салтанаттың анасымен сөйлестім, ол кешірім сұрау болмағанын айтты. Бірақ болған күннің өзінде біз оларды қабылдамаймыз. Көп нәрсені кешіруге болады, бірақ мұндайды емес. Оның үстіне ешқандай кешірім туралы әңгіме болуы мүмкін емес", - деп қосты марқұмның әпкесі.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Кейінірек Қуандық Бишімбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная