26 ақпан 2024 | 14:39

Бишімбаевқа қандай айып тағылған және екінші айыпталушы кім?

видео кадры

Астана сотының баспасөз қызметі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс материалдары сотқа қандай баптар бойынша түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана сотының баспасөз қызметі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс материалдары сотқа қандай баптар бойынша түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылдың 26 ​​ақпанында Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына күдікті Бишімбаев Қ. мен Байжанов Б-ға қатысты қылмыстық іс түскен.

"Күдікті Қ. Бишімбаевқа ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы "Аса қатыгездiкпен жасалған адам өлтіру", ҚР ҚК-нің 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы "Көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты қинау" бойынша айып тағылып отыр. Күдікті Б. Байжановқа ҚР ҚК-нің 432-бабы "Қылмысты жасырып қалу" және ҚР ҚК-нің 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша айыпталып отыр", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Астана сотының баспасөз қызметі мәліметінше, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 319-бабына сәйкес судья бес тәуліктен кешіктірмей істі сот талқылауына қабылдау туралы мәселені шешеді.

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная