ПОДЕЛИТЬСЯ
11 сәуір 2024 | 10:28
Бишімбаевтың адвокаттары сот залына кіргізілмеді
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевқа тағылған айып бойынша қылмыстық істі қарауды жалғастырып жатыр. Бүгін экс-министрдің адвокаттары Лейла Рамазанова мен Назкен Кусайынова сот отырысына кешігіп келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысы басталмас бұрын Бишімбаев судьядан қорғаушыларын күтуді сұрады. Алайда судья Айжан Кулбаева өтініштен бас тартып, сот отырысы жалғасты.
Судья кеше басталған қылмыстық іс материалдарын зерделеуді жалғастыруды ұсынды. Кейін сотталушының тағы бір қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов әріптестерінің сот ғимаратына келіп, есік алдында күтіп тұрғанын айтты.
"Олар сот залына кіруге рұқсат сұрап жатыр", - деді адвокат судьяға.
Алайда судья Кулбаева екі адвокаттың да үзілістен кейін кіре алатынын айтып, қарсылық білдірді.
"Бұған дейін өткен сот отырыстарында тараптарға сот отырысына кешікпеу туралы бірнеше рет нұсқау берілген. Бұл - сот, онлайн-трансляция жүріп жатыр. Осы кезеңде сот отырысы 9:30-да басталатынын біліп, қорғаушылар кешігіп қалды. Осы себепті қазір кіргізілмейді. Өтінемін, сот үзіліс жасағанда, олар сізге қосыла алады", - деді судья.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также