ПОДЕЛИТЬСЯ
16 мамыр 2024 | 09:29
Бишімбаевтың адвокаты алғаш рет сот үкімі туралы ойын айтты
13 мамырда Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деген айыппен сотталды. Сотта экс-министрдің мүддесін қорғаған адвокаттардың бірі Ерлан Ғазымжанов Tengrinews.kz тілшісімен сұхбатында алғаш рет сот үкімі туралы айтты.

"Біз апелляцияға береміз, үкімге шағымдануға ниеттіміз. Қорғау тарапының пікірінше, судья елеулі процессуалдық заңбұзушылықтарға жол берді", - деді ол.
Ғазымжанов Бишімбаевқа тағайындалған 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы туралы да айтты.
"Қорғаушы тарап Бишімбаевты қинау бабы бойынша айғақтардың жоқтығына байланысты ақтап, адам өлтіргені үшін емес, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп тану керек еді деп есептейді.
Бұл бап (ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлігі) 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Осылайша, заң бойынша Бишімбаев осы шекте жазалануы керек", - деп есептейді адвокат.
Адвокат үкім жарияланғаннан кейін Бишімбаевқа тергеу изоляторына барғанын қосты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также