17 сәуір 2024 16:45

Бишімбаевтың адвокаты алқабилерді "гипноздау" туралы айтты

Фото: Сот баспасөз қызметі

Бүгін Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот отырысында экс-министрдің адвокаты Ерлан Ғазымжанов судьяны, мемлекеттік айыптаушыларды және жәбірленуші тараптың қорғаушыларын алқабилерді "гипноздап жатқанын" айтып айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот отырысында экс-министрдің адвокаты Ерлан Ғазымжанов судьяны, мемлекеттік айыптаушыларды және жәбірленуші тараптың қорғаушыларын алқабилерді "гипноздап жатқанын" айтып айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық істің материалдарын қарау барысында Ғазымжанов соттан "жалған түсінік қалыптастыратын сөздерді шектеуді" сұрады. Сонымен қатар, адвокат судья, мемлекеттік айыптаушылар және жәбірленуші тараптың қорғаушылары алқабилерді "гипноздап жатыр" деді. Осыған байланысты Ғазымжанов пен судья Айжан Кулбаева арасында мынадай диалог болды.

"Үнемі үш жақтан "жаңылыстырды" дейді. Жәбірленуші де, мемлекеттік айыптау да, сот та бір нәрсені қайталайды - бұл сіздер алқабилерді шын мәнінде солай екеніне сендіріп, осылай гипноздап жатқандарыңызды білдірмей ме. Әр жолы олай емес екенін дәлелдейміз. Біз тек осыған уақыт кетіруімізге тура келеді. Шектеуге бола ма?", - деді Ғазымжанов.

"Қорғаушы, мен сіздің ұстанымыңызды түсінбедім. Бұл не дегеніңіз?" - деп сұрады судья Кулбаева.

"Пікір білдіруді шектеуге бола ма", - деп түсіндірді Ғазымжанов.

"Гипноздап жатырсыздар". Бұл нені білдереді?" - деп сұрады судья.

"Сендіріп жатырсыздар деген сөз. Қорғаушыларға қатысты теріс түсінік тудырып. Бұл әділетсіз қой. Бізде қылмыстық іс жүргізу кодексінде бұған тікелей тыйым салынады. Неге мұндай сөздерді қолдану керек - "жаңылыстырады", - деп ашуланды Бишімбаевтың қорғаушысы.

"Пікірді дұрыс айтайық, қорғаушы. Отыруыңызды сұраймын", - деп жауап берді судья.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram