03 мамыр 2024 13:59

Бишімбаевтың адвокаты қорғауындағы адамның "өлімі" туралы мәлімдеді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Соттағы жарыссөзде сөз сөйлеген сотталушының қорғаушысы Назкен Құсайынова сол түні Салтанат Нүкенова ғана қайтыс болмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соттағы жарыссөзде сөз сөйлеген сотталушының қорғаушысы Назкен Құсайынова сол түні Салтанат Нүкенова ғана қайтыс болмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокат Назкен Құсайынова Бишімбаев сүйікті әйелі өлім аузында жатыр деп күдіктенбегенін атап өтті. Оның айтуынша, Бишімбаев оның "ұйқысын" қате түсінген.

"Салтанаттың қайтыс болғанын түсінемін, бірақ ол мұнда тірі отыр деп ойламаймын. Балалары бас тартты, бәрі қанішер дей бастады. Бірақ ол қанішер болып жүрмеуі керек. Көріп, дұрыс шешім қабылдау сіздердің қолыңызда (алқабилер - еск.)", - деді Назкен Құсайынова.

Реклама
Реклама

Қорғаушының айтуынша, күдікті "сотқа барлық дәлелдемелерді, телефонын беріп және шындықты айтқан". Сондай-ақ, Бишімбаевтың телефонындағы бейнематериалдарды атап өтті: Құсайынованың айтуынша, олар келесі күні Салтанатқа көрсету үшін түсірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram