11 қараша 2024 | 08:34

Бишімбаевтың қашып кеткені туралы ақпарат тарады: ҚАЖК жауабы

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Онда бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жоқ екені айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Онда бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жоқ екені айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде сотталған Қ. Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр", - делінген хабарламада.

ҚАЖК қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге назар аударуға шақырды.

Реклама
Реклама

"Осы жалған ақпаратты таратуға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша процесс аяқталды. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты сот жұбайын азаптағаны және өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная