Бишімбаевтың ісі: бас прокурордың орынбасары алқабилер туралы сұраққа жауап берді

Фото: Сот баспасөз қызметінен

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіндегі алқабилер "сатылмайтынына" кепілдік бар ма деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіндегі алқабилер "сатылмайтынына" кепілдік бар ма деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әсет Шындалиев мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік бар деп жауап берді.

"Егер алқабилер (айыпталушы - еск.) адамның мүддесі үшін келсе, тиісті жауапкершілік бар. Тіпті мұндай деректер анықталса, алқабилер алқасы таратылуы мүмкін", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, журналистер Шындалиевтен олар сот залына неге кіргізілмейтінін және Қуандық Бишімбаевты неге күшейтілген қарауылшы жасақ "қорғап" жүргенін сұрады.

"Қос қарауылшы, оған жолатпайды. Ол қорғаудағы алтын бала сияқты", - дейді журналистер.

"Сотталғандардың барлығы қарауылшымен кіргізіледі. Бұл тек Бишімбаев емес. Түсінесіздер ме, сот тәртіпті қамтамасыз етуі керек. Сот ток-шоу немесе телешоу емес. Бұл сот, тәртіп болуы керек. Сізге тыңдауға мүмкіндік берілді. Экрандарға шығарды (трансляция – еск.), тікелей эфирде көрсетті. Болып жатқанның бәрін бақылай аласыз", – деп жауап берді Әсет Шындалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама