Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырыстары қайтадан тікелей эфирде көрсетіледі

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы онлайн режимде көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы соттың Telegram-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы онлайн режимде көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы соттың Telegram-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті. Судьяның 11 маусымдағы қаулысы бойынша, істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді. Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді", - делінген хабарламада.

Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда жедел жарияланатыны айтылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама