ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сәуір 2024 | 09:32
Бишімбаевтың ісі: судьяның ескертулері адвокаттарға қандай қауіп төндіреді?
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысы барысында судья Айжан Кулбаева сотталушының қорғаушыларына да, жәбірленуші тараптың адвокаттарына да бірнеше рет ескерту жасады. Tengrinews.kz тілшісі заңгерлерден судьяның ескертуі адвокаттар үшін нені білдіретінін сұрады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысы барысында судья Айжан Кулбаева сотталушының қорғаушыларына да, жәбірленуші тараптың адвокаттарына да бірнеше рет ескерту жасады. Tengrinews.kz тілшісі заңгерлерден судьяның ескертуі адвокаттар үшін нені білдіретінін сұрады.
Жағдайға қатысты пікір білдірген заңгер Данияр Байғабатов судьяның барлық ескертуі негізсіз емес екенін атап өтті. Ол отырыстың "базарға" айналып кетпеуі үшін қажет.
"Ескертулер іс жүргізу нормаларының айқын, өрескел бұзылуын болдырмау үшін қажет. Қорғаушылар тарапының судьяға қарсылық білдіруіне негіз болмауы үшін. Екінші жағдайы – ол жерде алқабилердің отыруы. Яғни, тыңдау кезіндегі мақсат: қорғаушыларға сотталушының кінәсіздігіне сендіру, мемлекеттік айыптау және жәбірленуші өкілдері үшін – керісінше. Әр тарап өз пікірін айтып, дәлелдер келтіреді, бірақ қақтығыс пен дауға жол беруге болмайды. Сондықтан, алқабилер арасында түсініспеушілік туындамас үшін және қате пікірге жол бермеу үшін судья ескертулер жасайды. Оның үстіне процесс ашық және трансляция жасалып жатыр", - деп түсіндірді Байғабатов.
Сот отырыстарының бірінде судья Бишімбаевтың қорғаушысына сотты жаңылыстырғаны үшін ескерту жасады. Судья "іс бойынша түпкілікті шешім қабылдағанда тиісті шараларды қолданатынын" айтты. Адвокаттың айуынша, бұл жағдайда Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормалары процеске қатысушылардың барлығына қатысты белгілі бір шараларды қарастырады.
"Көбінесе судьялар тараптардың біріне қатысты жеке ұйғарым шығарады. Судьяның қарауы бойынша шара қолданылады. Сот өзі шешеді", - деп қосты ол.
Бұл ретте адвокат Дмитрий Куряченко сот отырысы кезінде тәртіпті бұзғаны немесе сыйламағаны үшін сот тәртіп бұзушыларға ескерту жасап, 20 АЕК (2024 жылы 73 000) көлемінде әкімшілік айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға болатынын түсіндірді. Сонымен қатар, сотты құрметтемеу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қорғаушының айтуынша, бұл үшін 200 АЕК (2024 жылы шамамен 370 000 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также