ПОДЕЛИТЬСЯ
10 мамыр 2024 | 09:31
Бишімбаевтың соты: 10 мамырдағы трансляция
Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айып тағылып отырған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айып тағылып отырған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengri TV YouTube-та Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы видеосына трансляция жасайды. Сот отырыстары Tengrinewskz Instagram-парақшасында да онлайн көрсетіледі.
Бүгін, 10 мамырда сағат 10:00-де Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың тағдырын шешетін сұрақтар талқыланып, тұжырымдалмақ.
Бишімбаевқа қандай айып тағылып отыр?
- Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы "Көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты қианау";
- 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру".
Екінші сотталушы Байжановқа мына екі бап бойынша айып тағылған болатын:
- Қылмыстық кодекстің 432-бабы "Қылмысты жасырып қалу";
- 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау".
Алайда сот жарыссөзі алданда айыптаушы тарап Байжановқа тағылған бір айыптаудан бас тартты. Мемлекеттік айыптаушы оған тағылған 434-бап бойынша айыптауды алып тастауды сұрады. Судья өтінішті қанағаттандырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также