Бишімбаев үкімге шағым түсірді

Қуандық Бишімбаев. © Тұрар Қазанғапов

Соттал?ан ?лтты? экономика экс-министрі ?уанды? Бишімбаев сот ?кіміне ша?ым т?сірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталған ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев сот үкіміне шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҰЭМ бұрынғы басшысы шағымында өзіне қатысты үкімді заңсыз әрі негізсіз шығарылды деп есептейді. 

"Растап бере аламын: өзі де, біз де - адвокаттары апелляциялық шағым түсірдік. Сот үкімімен келіспейміз. Қуандық Бишімбаев кінәсіз деп есептейміз. Сот тергеуі кезінде оның айыбы дәлелденген жоқ. Соталды тергеу кезінде де, сот тергеуі кезінде де қылмыстық-процестік кодекстің талаптары өрескел бұзылды деп санаймыз. Қорғану құқығы бұзылды. Басты дәлеліміз оның кінәсіздігі және айыбының дәлелденбеуі", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне экс-министрдің адвокаты Мәди Мырзағараев.

Реклама
Реклама

"Бишімбаев өз көзқарастарын, дәлелдерін сот тергеуі кезінде, сөзжарыста және соңғы сөзінде түгелдей айтты. Ол бұл эпизодтарға қатысы жоқ екенін нақты түсіндірді. Біреу-міреулер заңды бұзған да шығар, бірақ оның қатысы жоқ. Оның қандай да бір әрекеттерге қатысы барын түгелдей жоққа шығарамыз", - деді Бишімбаевтың адвокаты. 

Биылғы наурыздың 14-і Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевты пара алды деп айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған. Істің қалған 22 фигуранты түрлі жазаға кесілген болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама