05 сәуір 2021 | 10:09

Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Фото ©Тұрар Казанғапов

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл 3 966 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 миллион 74,3 мың этникалық қазақ оралды.

"2021 жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (75,6 пайыз) Өзбекстаннан, 11,9 пайызы ҚХР-дан, 5,8 пайызы Түрікменстаннан, 3,0 пайызы Моңғолиядан және 3,6 пайызы басқа елдерден келген. Олар негізінен Алматы (32,6 пайыз), Түркістан (16,5 пайыз) және Маңғыстау (14,2 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,0 пайыз) және Нұр-Сұлтан (5,4 пайыз) қалаларына қоныстанды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

1 сәуірдегі жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны - 59,9 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші - 24,1 пайыз және зейнеткерлер - 16,0 пайыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная