07 сәуір 2023 09:24

Биыл қандай жол учаскелері жөнделеді?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/kazautozhol

Биыл Қазақстанда республикалық маңызы бар 3,6 мың шақырым жол жөнделеді. Бұл - 84 учаске, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл Қазақстанда республикалық маңызы бар 3,6 мың шақырым жол жөнделеді. Бұл - 84 учаске, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, көп жылдық бес нысанда: Атырау – Астрахань, Қарағанды ​​– Балқаш, Меркі – Бурылбайтал, Күрті – Бурылбайтал және Талдықорған – Өскеменде қайта жаңғырту жұмыстары жалғасты.

Тағы 18 учаскеде күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталған. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 8 мың арнайы техника мен 12 мың маман жұмылдырылған.

Реклама
Реклама

"Ұзақ мерзімді құрылысқа келетін болсақ, мысалы, Атырау-Астрахань тасжолын алатын болсақ, бұл ұзақ мерзімді құрылыс, онда төменгі қабаттардағы жұмыстар аяқталды. Биылғы жоспар бойынша бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, 135 шақырымда жол жүру қамтамасыз етіледі", - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жұқабетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram