Биыл қанша бала бірінші сыныпқа барады?

Фото:depositphotos.com

Жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда бірінші сыныпқа 351 176 бала қабылданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрілігіне сілтеме жасап.

Жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда бірінші сыныпқа 351 176 бала қабылданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрілігіне сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылында барлығы 369 мың бірінші сынып оқушысы күтіледі.

Балалардың жалпы санының шамамен 70 пайызын ата-аналар мемлекеттік тілде оқытатын мектептерге берген.

Реклама
Реклама

Түркістан облысында — 44 мыңнан астам, Алматы облысында — 34 мыңнан астам және Астанада — 26 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары бар.

Еліміздің 7859 мектебінде 3,9 миллионнан астам қазақстандық оқушы жаңа оқу жылын бастайды.

Сондай-ақ, биылғы оқу жылында бізді түлектердің рекордтық саны күтіп тұр - 219 мың жасөспірім 11 сыныпқа көшті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама