Биыл полицейлер мен депутаттардың айлығы артады

?аза?станда ?скерилер, ішкі істер органдарыны? ?ызметкерлері мен депутаттарды? е?бека?ысын к?теруге 2017 жылы 33,1 миллиард те?ге ?арастырылды. Б?л туралы ?аржы министрі Ба?ыт С?лтанов м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанда әскерилер, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен депутаттардың еңбекақысын көтеруге 2017 жылы 33,1 миллиард теңге қарастырылды. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министр баяндамада республикалық бюджеттің 2017 жылғы шығыны 11 триллион 191,5 миллиард теңге, бұл нақтыланған жоспардан 15,1 миллиардқа көп. 

"Бюджеттің шығындық бөлігінің өзгеруі екі бағытта жүрді. Біріншісі - Елбасының бастамалары мен тапсырмаларын және халықаралық міндеттерді іске асыруға 89,4 миллиард теңге. Бұл үкімет қоры мен кірісті арттыру есебінен жүреді. Әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен депутаттардың еңбекақысын көтеруге 33,1 миллиард теңге қарастырылған", - дейді Сұлтанов үкімет отырысында. 

Реклама
Реклама

Оның сөзінше, "Назарбаев Университетінің" мақсатты салымын ұлғайту үшін 22,2 миллиард теңге бөлінеді. Сонымен бірге, EXPO аумағында көрмеден кейінгі шаралар мен кеңселерді даярлауға 20 миллиард теңге қарастырылды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама