"Біз - Құдай көршіміз". Назарбаев Орталық Азия жайында

© Тұрар Қазанғапов

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев айма?ты? ?арыштап дамуы ?шін Орталы? Азия елдеріне бірге болу керек деп м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аймақтың қарыштап дамуы үшін Орталық Азия елдеріне бірге болу керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астана клубының үшінші отырысында халықаралық қауіпсіздікті зерттеу бойынша ұлыбританиялық клубтың директоры Рафаэлло Пантуччи Орталық Азиядағы бес елдің арасын не жақсарта алатынын сұрады. 

"Егемендік алғанда Орталықазиялық экономикалық одақ құруды ұсынғанмын. Ол құрылды бірақ, әр елдің өз жобасы мен өз пікірі болды. Бірі Кеңес кезіндегі саясатпен қалды, екіншісі тереңдеп кетті және тағы сол сияқты. Осы шұбарлығымыз мүмкіндік бермеді ол кезде", - дейді Назарбаев. 

Реклама
Реклама

"Ширек ғасырдан кейін біздің тарихымыз, мәдениет пен менталитетіміз бір мемлекеттер екенімізді, Құдайдың өзі көрші болуды бұйырғанын түсіндік. Өзбекстанда үлкен өзгерістер болып жатқанын көруге болады. Бір жылда-ақ арамыздағы шекара ашылды, сауда 30 пайызға артты, ортақ кәсіпорындар ашылуда. Адамдар бір-біріне келіп, мәдениет алмасуы жүріп жатыр. Мүмкін жерде көмектесіп тұрамыз. Тәжікстан мен Түркіменстанда да солай", - дейді Президент. 

Елбасы Орталық Азия елдеріне бірге болу тағдырмен жазылғанын атап өтті. 

"Жақында Қырғызстанда сайлау өтті. Мен болашаққа үлкен үмітпен қараймын. Орталық Азияға бірге болу тағдырмен жазылған. Біреуге қарсы емес, халқымыздың болашағы үшін. Соған үміттенемін", - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news8
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама