Бізді ЕАЭО-мен ерекше қарым-қатынас байланыстырады - Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық дипломатияның ислам әлемі мен посткеңестік кеңістіктегі өткір жанжалдарда бейбітшілікті үйлестіру күшін арттыратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлт жоспарының сәтті орындалуы халықаралық климаттың жағымды болуын талап етеді, біз стратегиялық серіктестерімізбен ынтымақтастығымыды жалғастыра береміз - Ресеймен, ҚХР-мен, АҚШ-пен, Еуропалық одақ елдерімен, ислам әлемімен. Біз халықаралық ұйымдарда белсенді жұмыс істейтін боламыз. Орта Азияның көшбасшысы ретінде Қазақстан қауіпсіздіктің жалпы архитектурасы мен біздің өңірдің экономикалық дамуын қолдайтын болады", - деді Президент, Астанада өткен ұлықтау рәсімі кезінде.

"Бізді ЕАЭО бойынша серіктестермен ерекше қарым-қатынас байланыстыратын болады - Ресеймен, Беларусьпен, Қырғызстанмен, Армениямен. Қазақстандық дипломатия ислам әлемі мен посткеңестік кеңістіктегі өткір жанжалдарда бейбітшілікті үйлестіру күшін арттырады", - деді ол.

Реклама
Реклама

Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Ант берді. Мемлекет басшысы Конституцияға оң қолын қойып, Қазақстан халқына Антты оқып берді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама