Біздің әйелдерге Парижге барудың қажеті жоқ - Назарбаев

Н?рс?лтан Назарбаев Ке?ес Ода?ы ??ла?ан кездегі ж?не ?азіргі кездегі ?аза?станды?тарды? ?мір с?ру де?гейін салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағы құлаған кездегі және қазіргі кездегі қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен көпшілік алдында тұрып қазақтардың қазіргідей ешқашан да өмір сүрмегенін айта аламын", - деді Мемлекет басшысы Астана клубымен кездесу барысында.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, қазіргі жастар азық-түліктің жетіспеушілігі дегенді білмейді. Сондай-ақ, Президент қазақстандық әйелдерге Парижге бармай-ақ қою керек екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Адамдардың арманында шек жоқ, олар барынша жақсы өмір сүргісі келеді. Мен 25 жастағы жастарға үнемі айтып отырамын. Ол 1991 жылы дүниеге келді, яғни, ол өткен кезеңді білмейді. Мен оған сол кезде аналарымыздың сүтке қолы жете алмай, түнгі төрттен бастап балаларына сүт алу үшін кезекте тұрғандарын айтып отырамын. Ол кезде дүкендерде нан да, темекі де, қант да болмаған. Әрине, ол адамға бұл жағдайды түсіну қиын, себебі қазіргі кезде керек заттың барлығы бар. Біздің әйелдерге Парижге барудың қажеті жоқ. Астанадағы кез келген дүкенге барсаңыз, сонда керекті заттарыңыз бар. Елімізде әлемнің барлық асханасы қамтылған мейрамханалар бар. Түсінесіздер ме? Біз жеткіміз келген мақсаттарымызға әлі жеткен жоқпыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама