ПОДЕЛИТЬСЯ
29 сәуір 2023 | 10:34
Бизнес-миссиясы: 20 америкалық компания Қазақстанға келуді жоспарлап отыр
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан АҚШ-ты екіжақты және көпжақты форматтағы стратегиялық серіктесі санайды. Бүгінде ҚР-да 900-ден аса бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істейді.
"Біз Америка Құрама Штаттарымен бұған дейінгі тиімді ынтымақтастығымызды күн тәртібіндегі кең ауқымды өзара іс-қимыл бойынша одан әрі тереңдетуге және нығайтуға ниеттіміз", - деді Әлихан Смайылов.
Былтыр елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 40 пайызға өсіп, 3,1 миллиард доллар болды. Осы ретте Қазақстан сауда көлемін одан әрі арттыруға әлеуетті және құны $800 млн болатын 90 тауар түрінің экспортын арттыруға дайын.
АҚШ – Қазақстанға тікелей инвестиция тарту бойынша көшбасшы елдердің бірі. Былтыр америкалық инвестиция екі есеге жуық өсіп, 5,1 миллиард доллардан асты. Бұл – пандемияға дейінгі рекордтық деңгейге тең көрсеткіш. Өз кезегінде, Дэниел Розенблюм Қазақстан-Америка қарым-қатынастарын ортақ мүдде негізінде одан әрі дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті.
"Біз инвестициялық көрсеткіштерді нығайтып, екіжақты тауар айналымын арттырғымыз келеді. АҚШ компаниялары Қазақстанда түрлі салалардағы қызмет ауқымын кеңейтуге мүдделі. Бұл тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау саласы, ақпараттық-коммуникация және жасыл технологияларға, сондай-ақ көлік саласына қатысты", - деді Дэниел Розенблюм.
Сондай-ақ, ол биылғы жазда түрлі секторда қызмет ететін 20-ға жуық америкалық компания іскерлік мақсатта Қазақстанға келуді жоспарлап отырғанын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың өзара тиімді барлық бағыты бойынша байланысты белсенді түрде жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также