ПОДЕЛИТЬСЯ
04 ақпан 2020 | 09:40
Бизнесмендер қытайлық тауардың бағасын негізсіз көтеріп отыр - министр
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын негізсіз көтеретіндердің жосықсыз бизнеспен айналып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министр үкімет отырысы барысында айтты.

"Өкінішке қарай, бүгінгі таңда көптеген сатушы Қытаймен шекара жабылғанын сылтау қылып, азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеріп отыр. Осыған байланысты Қытаймен тауар қозғалысы тоқтамағанын мәлімдейді. Бұл - жосықсыз бизнес. Бағаны себепсіз көтеруге болмайды. Сондықтан базарлардағы немесе сауда бағаларындағы бағалар жоғары екенін байқасаңыз, 7 7172 751632 немесе 7 7172 749832. Біз жағдайды түзетеміз", - деді министр.
Еске салайық, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Ухан қаласында белгісіз дерттің таралғанын хабарлаған. Мамандар аурудың қоздырғышын анықтаған - 2019-nCoV жаңа коронавирусы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жағдайды халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп таныды.
Бүгінде Қытайдың Хубей провинциясында жаңа коронавирустан қаза тапқандардың саны 414-ке жетті, ал жұқтырғандардың саны - 13 522.
Показать комментарии
Читайте также