03 шілде 2021 | 10:30

Бизнесмендер міндетті вакцинация мерзімін кейінге шегеруді сұрады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Шілденің ортасынан бастап вакцина алмаған қызметкердің жұмыс істеуіне рұқсат берген басшыларға 1,5 миллион теңге айыппұл салынады. Қызметкердің өзі кем дегенде 15 мың теңге төлеуі мүмкін. Алайда бизнесмендер қысқа уақыт ішінде бәрін вакциналау мүмкін емес деп санайды , - деп хабарлайды Astana телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шілденің ортасынан бастап вакцина алмаған қызметкердің жұмыс істеуіне рұқсат берген басшыларға 1,5 миллион теңге айыппұл салынады. Қызметкердің өзі кем дегенде 15 мың теңге төлеуі мүмкін. Алайда бизнесмендер қысқа уақыт ішінде бәрін вакциналау мүмкін емес деп санайды , - деп хабарлайды Astana телеарнасы.

"Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына бағынбай, қызметкерге вакцина алмай немесе жеті күн сайын ПТР-сынама тапсырмай жұмыс істеуіне рұқсат берген басшылар ӘҚБтК-нің 462 немесе 425-бабы бойынша жазаланады", - деп түсіндірді санэпидембақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Кәсіпкерлер мұндай шараға дайын емес. Олар қызметкерлерді міндетті вакциналау мерзімін ұзартуды сұрайды. Қазіргі уақытта қоғамдық тамақтану саласында екі миллион адам жұмыс істейді. Жарты айда бәріне екпе салып үлгері мүмкін емес, дейді рестораторлар. Оның үстіне бизнесмендер бәрін вакцина алуға мәжбүрлей алмайды.

Реклама
Реклама

"Біз вакцинацияны қолдаймыз, бірақ мұндай қысқа мерзімде емес. Ол мүмкін емес. Қазір кәсіпкерлер өз есебінен скрининг жүргізіп жатыр. Кем дегенде 1-15 қыркүйекке дейін мерзімді ұзарту қажет", - деді Қазақстанның қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова.

Айта кетейік, 2 шілдеден бастап барлық қызметкері вакцина салдыруы тиіс нысандардың кеңейтілген тізімі күшіне енеді. Тізбеге базарлар, сұлулық салондары, дәмханалар, мейрамханалар, қызмет көрсету онысандары және жаппай баратын басқа да орындар кірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная