26 мамыр 2021 | 12:47

Бизнесті рейдерлік жолмен басып алу: Қазақстанда шенеуніктер жазаланатын болды

Иллюстративное фото: elements.envato.com

Қазақстанда рейдерлік үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді. Бизнесті рейдерлік жолмен басып алуды ұйымдастырушылар мен шенеуніктер арасындағы көмекшілер де жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда рейдерлік үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді. Бизнесті рейдерлік жолмен басып алуды ұйымдастырушылар мен шенеуніктер арасындағы көмекшілер де жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің бірінші оқылымында рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша түзетулер мақұлданды.

Заң жобасын Парламент депутаттарының тобы әзірледі.

Реклама
Реклама

Депутат Дмитрий Колоданың айтуынша, Президент Жолдауында бизнесті қылмыстық қудалау органдарының шамадан тыс араласуынан қорғау, бизнес мәселелерін шешуге прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалауды қайта бағдарлау мақсатында кәсіпкерлерді рейдерліктен, құқық қорғау және бақылаушы органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғауға бағытталған шараларды заңнамалық түрде әзірлеуді тапсырды.

"Қылмыстық кодекстің 249-бабы 1-1-бөлігі бақылаушы, құқық қорғау және басқа да органдарды қолдана отырып рейдерлік жасағаны, яғни күш қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді. Рейдерлік басып алуды ұйымдастырушылар мен оларға бюрократиялық ортада көмектесетіндер қылмыстық жауапқа тартылады.

Қылмыстық кодекстің 365-бабында заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау тәсілдері нақтылананып жатыр, санкциялар күшейтіледі және бұл "ауыр" қылмыс санатына өтеді. Азаматтар мен бизнестің проблемаларын шешуге прокурорлық қадағалауды қайта бағдарлау үшін "Прокуратура туралы" заңға прокурордың шенеуніктерге бизнестің шағымдары бойынша тексерулер жүргізу құқығын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тыйым салу немесе шектеу шараларын жою құқығын көздейтін өзгерістер енгізіледі", - деді Дмитрий Колода.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қылмыстық іс жүргізу кодексінің бірқатар бабына бизнес пен адамдарды заңсыз тексеру, тінту, тартып алуға қатысты шағымдарын қарау мерзімін қысқартуға бағытталған түзетулер енгізіледі.

Ал бағалы металдардың заңсыз айналымына қарсы күрес үшін Қылмыстық кодекске жаңа екі бап - 269-1-бап "Қорғалатын нысандарға заңсыз кіру" және 295-1-бап "Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы" енгізіледі.

Парламенттегілер бұл түзетулер адамдардың, сондай-ақ қылмыстық процеске тартылған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды арттыруға, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная