БЖЗҚ активтері 300 миллиард теңгеге төмендеді

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Тұрғындардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуына байланысты Ұлттық бірыңғай зейнетақы қоры жыл басынан бері 300 миллиард теңге активінен айырылды. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты жыл басынан 0,3 триллион теңгеге немесе 12,6 триллион теңгеге дейін 2,0 пайызға төмендеді. Салымшылар енгізген зейнетақы жарналарының көлемі 191,7 миллиард теңге, зейнетақы төлемдері - 60,1 миллиард теңге болды", - деді ол.

Досаевтың айтуынша, осы жылдың басынан бері есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 222,9 миллиард теңге болған.

Реклама
Реклама

"Биыл жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша, инфляция 1,3 пайызда 1,7 пайыз мөлшерінде кіріс түсті. Нақты кіріс инвестициялық қызмет, сондай-ақ зейнетақы активтерін нарықтық және бағамдық қайта бағалау нәтижесінде қамтамасыз етілді", - деді Ұлттық банк басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама