03 желтоқсан 2021 | 17:33

БЖЗҚ басшысы жеткілікті шек неге өзгергенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

2022 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын алудың жеткілікті шегі 60-80 пайызға артады. Мұның себебі неде? Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысы Жанат Құрманов түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2022 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын алудың жеткілікті шегі 60-80 пайызға артады. Мұның себебі неде? Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысы Жанат Құрманов түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жеткілікті шектің өзгеруі елдің әлеуметтік-экономикалық параметрлерінің өзгеруімен байланысты. Құрманов олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес есептелгенін айтты.

"Ең төменгі жалақы 41 пайызға – 42 500-ден 60 000 мың теңгеге дейін өсті. Ең төменгі жеткілікті шектің өсуі жас ерекшеліктеріне қарай өзгереді, бірақ орташа өсім 64-тен 83 пайызға дейін жетеді", - деді БЖЗҚ басқарма төрағасы.

Реклама
Реклама

Құрмановқа "екі көрсеткіштің өсімі арасында неге мұндай айырмашылық бар" деген сұрақ қойылды.

"Үкімет қаулысын есептеу әдістемесіне қатысты мәселе, өйткені ол жерде ең төменгі жеткілікті шек бір ғана параметрге қатысты емес. Өкілетті мемлекеттік органдармен келісілген параметрлердің тұтас кешені бар.

Бұл әдістемедегі бірқатар параметр республикалық бюджетте қарастырылған әлеуметтік параметрлерге байланысты. Сондықтан бір ғана параметр өзгеріп, осындай болды деу дұрыс емес. Ол жерде ең төменгі мәннің өзгеруіне параметрлердің тұтас кешені әсер етті", - деді БЖЗҚ басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жинағын алудың жеткілікті шегі айтарлықтай өсетіні хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная