ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2023 | 09:21
БЖЗҚ-да қанша қазақстандықтың 100 миллион теңге жинағы бар?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қанша қазақстандықтың есепшотында 100 миллион теңгеден аса ақша барын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қанша қазақстандықтың есепшотында 100 миллион теңгеден аса ақша барын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БЖЗҚ-ның Tenrginews.kz сауалына берген жауабы бойынша, 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 13 салымшының зейнетақы жинағы ең жоғары - 100 миллион теңгеден артық.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 200,8 миллиард теңге зейнетақы төленсе, оның 675,2 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 1 триллион 525,6 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталған.
2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 305 мың адам болған.
"2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, орташа жиынтық зейнетақы 120 937 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңге", – деп жауап берді қор.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также