ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2020 | 14:47
"БЖЗҚ" елде төтенше жағдай жариялануына байланысты 30 наурызға дейін онлайн жұмыс істейді
"БЖЗҚ" елде төтенше жағдай жариялануына байланысты 30 наурызға дейін қашықтан жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"БЖЗҚ" елде төтенше жағдай жариялануына байланысты 30 наурызға дейін қашықтан жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"БЖЗҚ" АҚ өзінің салымшылары мен алушыларына әлемдегі қалыптасқан пандемиялық жағдайға байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің республикада төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығын басшылыққа ала отырып, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2020 жылдың 30 наурызына дейін Қор бөлімшелерінің салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша зейнетақы қызметтерін алыстан (қашықтан) көрсету режиміне көшірілгені туралы хабарлайды", - делінген сайтта.
Салымшылар мен алушыларға зейнетақы қызметтері онлайн режимінде қолжетімді, онда төмендегі қызмет түрлері де қамтылған:
- тіркелген ЖСН және пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)
көмегімен enpf.kz сайтында немесе ұялы қосымша арқылы жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме алу;
- электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда egov порталы арқылы немесе mgov жүйесінде тіркелген телефон нөміріне SMS арқылы жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме алу;
- салымшының (алушының) деректемелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
- enpf.kz сайтында ерікті зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау;
- төлемдерді (төлем түріне қарай) ресімдеу кезінде құжаттарды алдын ала тексеру және басқа да қызмет түрлері.
Сондай-ақ, қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарынан 1418 қысқа нөмірі немесе +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша кеңес алуға болады. Кеңес беру Қордыңwww.enpf.kz корпоративтік сайтында, WhatsАpp, Viber-дегі чат-бот арқылы, Қордың Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында да қолжетімді екені айтылады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также