БЖЗҚ қаржысы қазақстандықтардың өмірін жақсартуға жұмсалады - Ақышев газ құбыры туралы
"Сарыарқа" газ құбыры магистралінің құрылысы үшін 85 миллиард теңге сомасындағы БЖЗҚ-ның зейнетақы активі "АстанаГаз ҚМГ" АҚ облигациясына салынады. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ақшаның нарықтық мөлшерлеме бойынша және нарықтық жағдайда берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәтті жоба деп есептеймін. Ол халықтың өмірін жақсарту үшін мемлекеттің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Экономикалық модельдің болжамынша, жоба өзін-өзі ақтайды. БЖЗҚ қаржысы азаматтардың өмірін жақсартуға, жағдайды жақсартуға кетеді - Қазақстанның солтүстік облыстарына газ жеткізіледі. Мұндай шешімдерді қолдау керек", - деді Ақышев Мәжілістің кулуарында.
Оның айтуынша, БЖЗҚ қаржысы нарықтық мөлшерлеме бойынша және нарықтық жағдайда беріледі.
"Бұл солтүстік облыстарда тұратын әрбір азамат өмір сүру жағдайының жақсарғанын сезіну үшін қажетті жоба", - деді Ақышев.
Айта кетейік, газ құбыры магистралінің бірінші кезеңі Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Астана бағыты бойынша жүзеге асырылады. "Сарыарқа" газ құбыры магистралінің бірінші кезеңіне 267,3 миллиард теңге кетеді. "Сарыарқа" газ құбыры Қызылорда облысындағы Бейнеу - Бозой - Шымкент газ құбыры магистраліне қосылады деп жоспарланған.