13 желтоқсан 2019 | 09:00

БЖЗҚ-ның жаңа мобильді кеңселері шалғай елді мекендерге барады

Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынға ие. Сәйкесінше шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін аудан немесе облыс орталықтарына барып, зейнетақы қызметтерін алу оңайға соқпайды. Алайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тығырықтан шығудың жолын тапты.   

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынға ие. Сәйкесінше шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін аудан немесе облыс орталықтарына барып, зейнетақы қызметтерін алу оңайға соқпайды. Алайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тығырықтан шығудың жолын тапты.   

БЖЗҚ-да осымен екінші жыл "Мобильді кеңсе" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба аясында барлық қажетті құрылғылармен, оның ішінде жер серігі байланысымен жабдықталған заманауи шағын автобус пайдаланылады.   

Реклама
Реклама

Шалғай елді мекендердің тұрғындары "Мобильді кеңсе" арқылы Қор кеңселерінде көрсетілетін қызметтерді алады. Бұл ретте тұрғындар тарапынан ең сұранысқа ие болған қызметтерді атап айтар болсақ, олар: ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініші беру, зейнетақы шотынан үзінді-көшірме беру, жеке деректемелерді өзгерту/толықтыру жөнінде өтініш қабылдау және хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісім жасау секілді қызметтер.

2018 жылдан бастап мобильді кеңселер Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында жұмыс істеп келеді. БЖЗҚ биылғы жылы күзде жүріп өту мүмкіндігі жоғары, қуатты аккумулятормен жабдықталған, жер серігі байланысы бар және кең салоны бар жеті шағын автобус сатып алды. Міне, енді олардың қатарына еліміздің жеті өңірі: Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстары қосылды.  

2020 жылы "Мобильдік кеңсе" жобасы Батыс Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылатын болады.  

Атап өту керек, "Мобильді кеңсенің" жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісілетіндіктен салымшылар мен алушылар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады. Бұл үшін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да хабар таратылады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная